Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясы “синтетика” мен анашаның ірі партиясын тәркіледі

Жетісу полициясы арнайы операциясы барысында “синтетика” мен анашаның ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полицейлері Үштөбе қаласында  “Қарасора – 2023” жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуге бастамашы болды.

Жедел уәкілдер екі азаматты ұстап, олардың біреуінен анашаның ірі партиясын тәркіледі, ал екіншісі синтетикалық есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінді.

Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жерін санкцияланған тінту кезінде 30 жастағы азаматтан 2 келі 274 грамм анаша тәркіленді. Сондай-ақ өсімдік тектес өзіндік иісі бар белгісіз зат салынған 11 пакет табылып, сараптамаға жіберілген.

24 жастағы екінші күдікті 0,25 грамм пиролидиновалерофенон а-РVP деп аталатын есірткі затын сату кезінде ұсталған. Күдіктінің тұрғылықты жерінен 1 қаптама химиялық туындысы бар белгісіз есірткі заты табылып, ол да сараптамаға жіберілді.

– Күдіктілердің екеуі де қамауға алынды. Бұл фактілер бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 296-бабының 4-бөлігіне (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сәйкес жүргізілуде, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығының орынбасары Аян Исабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру