Ақтауда есірткі өткізумен және сақтаумен айналысқан тұрғын бас бостандығынан айырылды
Ақтауда есірткі өткізумен және сақтаумен айналысқан тұрғын бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шілде айында Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұзақ уақыт бойы есірткі заттарын ірі мөлшерде сақтау, өткізумен айналысқан 46 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Тінту жұмыстарын жүргізу барысында күдіктіден және тұрғылықты мекенжайынан 128 грамм марихуана, 160 грамм гашиш табылып, тәркіленді.
Ақтау қалалық соты айыпталушыны ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Соттың шешімімен айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.