Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада сотталғандарға камералардың бүлінуіне жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Астанада сотталғандарға камералардың бүлінуіне жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қылмыстық-атқару жүйесінің департамент басшылығы Аршалы ауданының прокуратурасымен, қоғамдық бақылау комиссия төрағасымен, азаптаулардың алдын алудың ұлттық алдын алу тетігі қатысушысымен бірлесіп сотталғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сотталғандардың назарына үздіксіз бейнебақылау камераларын бүлдіргені, камера линзаларын қарау жабылғаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауаптылық көзделетіні, сондай-ақ сотталғандардан камераларды бүлдіргені үшін сот материалдық залалды өндіріп алатыны туралы жеткізілді.

Сонымен қатар сотталғандарға сауалнама жүргізілді, оның нәтижелері бойынша ұстау шарттарына шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру