Ақтауда күдікті топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді
Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден астам оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді «UZI» моделінің пулеметі тәркіленді.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Тергеу мүддесінде өзге мәліметтер жарияланбайды.