Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда полицейлер адам өлтірген қылмыскерді «ізін суытпай» ұстады

Ақтауда полицейлер адам өлтірген қылмыскерді «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында 102 кезекші пультіне 14 шағын аудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды.

28 жастағы күдікті «ізін суытпай» анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру