Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан Академиясының әскери қызметшісі Tartyl Fest фестивалінде тартылудан жүлделі орынға ие болды

Ұлттық ұлан Академиясының әскери қызметшісі Мақсат Нүсіпов Tartyl Fest фестивалінде тартылудан жүлделі екінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласында турникте тартылу бойынша республикалық Tartyl Fest спорттық фестивалі аяқталды.

Tartyl Fest Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы “Дара” таланттарды қолдау қоры” ҚҚ қолдауымен Қазақстанда өткізіледі.

Петропавлдағы фестиваль Мемлекеттік рәміздер алаңында өтті.

Жарысқа қатысу үшін 277 адам тіркелді. Ең жас қатысушының жасы 7-де болды, ал 75 жастағы тұрғын аға қатысушы ретінде тіркелді. Қыздар да өз күштері мен шыдамдылығын көрсетті.

Аталған фестивальге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Академиясының әскери қызметшілері подполковник Мақсат Нүсіпов, аға лейтенант Шыңғысхан Қанат және қатардағы жауынгер Иван Андреев қатысты.

Фестиваль қорытындысы бойынша 30 жастан жоғары жас санатында Ұлттық ұлан Академиясының дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы Мақсат Нүсіпов 34 рет тартылып, екінші орынды иеленді. Фестивальдің күміс жүлдегеріне 100 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат және медаль табысталды.

Фестиваль 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында еліміздің 20 қаласында өтеді, онда қазақстандықтар ақшалай жүлделерге ие бола алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру