Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ұлттық ұлан аруы – 2024” байқауының жеңімпазы анықталды

Бүгінде Ұлттық ұлан қатарында екі мыңға жуық әйел қызмет етеді. Олардың екі жүзден астамы офицерлік лауазымдарда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әскери әйелдер бүгінде қарауылдарда, байланыс тораптарында жауынгерлік қызмет атқарады, сонымен қатар олар әскерлерді әскери-медициналық, тылдық, бюджеттік-қаржылық қамтамасыз етуге жұмылдырылған.

– Сіздер ер адамдармен қатар Отанымыздың қауіпсіздігі үшін өте күрделі және жауапты міндеттерді орындап келесіздер. Сондай-ақ әскери ұжымдарда жайлылық пен керемет атмосфера жасайсыздар. Бұл үшін сіздерге алғыс айтамыз. Көктемнің шуақты күнінде сіздерге зор денсаулық, әсемдік, әйел бақыты мен қуаныш тілеймін! Жүрегімізге жылулық пен мейірімділік сыйлап жүре беріңіздер, – деді Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов.

Дәстүр бойынша мереке күні әскери әйел қызметшілер Ішкі істер министрі мен министрдің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы атынан грамоталармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара аясында “Ұлттық ұлан аруы – 2024” фотобайқауының финалистері мен жеңімпазы марапатталды. Бұл фотобайқау құқықтық тәртіп әскерлерінде жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл да сол дәстүр жалғасын тапты. Оған барлық аймақтық қолбасшылықтарда қызмет ететін 55 ару қатысты.

“Ұлттық ұлан аруы – 2024” атағын 5571 әскери бөлімінің қаржы қызметінің аға маманы Қарлығаш Болысбаева иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру