Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік иттер қылмыстың бетін қалай ашады: Павлодарда кинологтар оқушылармен кездесті

Павлодарда гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі №39 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары кинологтар мен олардың қызметтік иттерінің әртүрлі дауыстық командаларды қабылдауын, психотроптық заттарды іздеуді және қылмыстың бетін ашу операциясын өз көздерімен көрді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл төртаяқты достарымыздың аты – Бурак және Альфа. Қызметтік иттер жаттықтырушымен көп жұмыс істеу арқылы есірткі іздеу және қылмыскерді ұстау дағдыларын үйренген.  Бурак және Альфа Павлодар облысындағы ең үздік иттердің бірі. Бүгін қызметтік иттер қала мектептерінің бірінде өз қабілеттерін көрсетті.

Павлодар облысы ПД кинологиялық қызмет орталығының бастығы Нияз Валиев кездесуде балалармен салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің, оның ішінде есірткі құралдарының ағзаға әсері туралы әңгімелесті.

– Біздің мектепте тұрақты негізде осындай іс-шаралар өткізіледі. Мұндай кездесулердің мақсаты – жасөспірімдер ортасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың белсенді өмір салтын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау, – дейді Павлодар қаласының гимназиялық сыныптарымен инновациялық үлгідегі №39 жалпы білім беретін орта мектебі басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шынар Жанғазина.

Көп оқушының ойынша, кинолог болу – арман. Сол леппен балалар кездесуге белсенді қатысып, біреу есірткі имитаторларын сөмкелерге жасырып, кейбіреулері иттерге бұйрық беруге тырысты. Ұлдар мен қыздар мамандарға төртаяқтылардың тамақтануы, иттерді жаттықтырудың тәсілдеріне қатысты сұрақтар қойды.

– Бүгін мені залдың ортасына шақырып, қолыма есірткі имитаторын берді. Мен оны сөмкелердің біріне жасыруым керек еді. Ит тапсырманы тез орындады. Бұл шараға қатысу мен үшін өте қызықты болды. Иттер өте ақылды екен, – деп өз әсерімен бөлісті 9-сынып оқушысы.

Қызметтік иттердің ақылдылығы, тазалығының артында кинолог мамандардың үлкен еңбегі жатыр: қарқынды жұмыс кестесі, тұрақты жаттығулар. Бірақ қызметтік иттердің күнделікті еңбегінің арқасында біз сауда орталықтарында, әуежайда, теміржолда, стадиондарда жалпы қоғамдық орындарда біз толыққанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру