Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында “Жолда қабылдау” акциясы өтті

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, апаттылықты азайту мақсатында екі күндік “Жолда қабылдау” акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция 100-ден астам жеңіл және жүк көліктерінің жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арнайы баннерлермен және логотиптермен жабдықталған қызметтік автобустар акцияны тас жолдан өтіп бара жатқан барлық жүргізушілер көретіндей етіп орналастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – қоғамның назарын жол қозғалысы ережелерін, соның ішінде жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін сақтауға аудару. Өйткені осы және басқа ережелерді сақтамау жол-көлік оқиғаларына, кейде өте ауыр зардаптарға әкеліп соғады.

Тамыз айынан бастап Ақтөбе облысының жолдарында екі ЖКО тіркелді, онда алты адам қаза тауып, үш адам зардап шекті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру