Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Марат Ахметжанов Ақтөбе облысы ПД жеке құрамымен кездесті

“Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері орындалып, шешімін табуы тиіс”. Министр Ақтөбе облысы Полиция департаментінде жеке құраммен өткен кездесуде дәл осындай талап қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Жиынға ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері мен облыс әкімі Ералы Тоғжанов, сондай-ақ ведомство ардагерлері қатысты.

Жергілікті биліктің қолдауын қажет ететін мәселелер сөз болды. Өңір басшысы өз кезегінде халық қауіпсіздігі үшін сақшылармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. Айта кету керек, аймақта жол қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін қосымша жол белгілері мен бағдаршамдар, жасанды жарықтандыру орнатылуы қажет.

Жиында ардагерлер атынан сөз сөйлеген Ғалым Елекейұлы алдағы оң өзгерістерге сенім білдіріп, жас тәртіп сақшыларын халық игілігі үшін қызмет етуге шақырды.

Кездесу соңында мінсіз қызметімен көзге түскен полиция қызметкерлері марапатталды. Қалалық ПБ Алматы ауданының №3 полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы Қайсар Избанов пен патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Самат Самалықовқа “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру