Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрі Ақтөбедегі әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығын бағалады

30 қарашада ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөліміне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство басшысын өңірдегі құқықтық тәртіп ахуалымен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы Қайрат Ақтанов, “Батыс” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Арман Жұмағалиев, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, облыстық Полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов және 6655 әскери бөлімінің командирі Мирас Тұрдалин таныстырды.

Бөлім командирі қонақтарға жеке құрамның қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетін баяндап, қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалатын күш-құралдың саны мен көлемі туралы хабардар етті.

Кездесу барысында министр әскери бөлімнің қызметтік инфрақұрылымының жай-күйімен танысып, оқу-жаттығу объектілерін және техника мен қару-жарақ көрмесін тамашалады.

Сондай-ақ министр әскери бөлімнің жеке құрамымен кездесіп, әлеуметтік жағдайына көңіл бөлді. Ұландықтарға алда тұрған міндеттерді жеткізіп, әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығына жоғары баға берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру