Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай Жүсіпов жұмыс сапарымен Хромтауға барды

10 желтоқсанда Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы жұмыс сапарымен Хромтау қаласына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықпен кездесу қалалық-техникалық жоғары колледжінде өтті. Шара басында жергілікті тұрғындар қаладағы жедел жағдаймен танысты. Өз баяндамасынан кейін Абай Жүсіпов азаматтардан келіп түскен барлық мәселелерді тыңдады.

Кездесу барысында ПД бастығы полиция қызметкерлеріне арналған стадион құрылысына демеушілік көрсеткен “Восход-Oriel” ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Эржан Чакмакты алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ қалада жаңа учаскелік полиция пунктінің ашылуы болды. Аталған іс-шараға ПД бастығы Абай Жүсіпов пен жергілікті атқарушы органдар қатысты.

Жаңа учаскелік пункт Хромтау қаласының орталығында орналасқан. Ол заманауи компьютерлік техникамен, жиһазбен және байланыс құралдарымен жабдықталған. Сонымен қатар тәулік бойы қызмет көрсететін стационарлық бекет те ашылды. Одан бөлек қиын өмірлік жағдайға тап болған балалары бар әйелдерге арналған дағдарыс орталығы жұмысын бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру