Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда Ұлттық ұланның әскери кешені ашылды

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6506 әскери бөлімінің үшінші жедел мақсаттағы батальонының әскери ғимараты ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан құрылған облыс орталықтарында Ұлттық ұланның жеке құрамдарын ашу туралы тапсырмасын орындап жатырмыз. Сондықтан 2023 жылдың қазан айында 6506 әскери бөлімінің үшінші жедел мақсаттағы батальоны Шымкент қаласынан Түркістан қаласындағы дәл осы ғимаратқа көшірілген болатын. Қазіргі уақытта Ұлттық ұлан сарбаздары киелі қалада жауынгерлік қызмет атқарып жүр, – деді Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов.

Салтанатты іс-шарада Бас қолбасшы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовке “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін” төсбелгісін табыстады. Бұдан бөлек ішкі істер органдарының бірқатар қызметкері алғыс хатпен марапатталды.

Соңында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы мен облыс әкімі бастаған қонақтар әскери кешендегі штабта, казармада, автопаркте және саптық алаңда болып, кинология мен спорт қалашығын, тир ғимаратын аралады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру