Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда пошта сәлемдемелеріне қызметтік иттердің көмегімен тінту жүргізілді

Ақтауда пошта сәлемдемелеріне қызметтік иттердің көмегімен тінту жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің операциялық жоспарына сәйкес, республика көлемінде, соның ішінде Маңғыстау облысы бойынша маусым айының 1 мен қазан айының 31 аралығында «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысына тосқауыл қою мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ПД кинологиялық қызмет орталығының иттері көмегімен Маңғыстау облысы «Казпочта» АҚ басқармасына келген-кеткен пошталардан есірткі тасымалын анықтау мақсатында ұяшықтарды тінту жұмыстары жүргізу арқылы профилактикалық шара ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың аналогтарының, сондай-ақ тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын анықтау, оның жолдарын кесу, сонымен қатар онымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау.

Тексеру барысында ешқандай құқық бұзушылық анықталған жоқ. Мұндай іс-шаралар әлі де жалғасын табатын болады. Осыған орай, Маңғыстау облысы Полиция Департаменті азаматтарды бей-жай қалмауға және нашақорлыққа қарсы күресте белсенді көмектесуге, қоғамдық дертпен бірге күресуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру