Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тергеу изоляторына “Біз азаптауға қарсымыз” қоғамдық бірлестігінің өкілдері келді

Елордалық тергеу изоляторына “Біз азаптауға қарсымыз” қоғамдық бірлестігінің өкілдері келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 тамызда ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасымен және “Біз азаптауға қарсымыз” қоғамдық бірлестігінің басшысы арасында өзара ынтымастық туралы меморандум жасалған болатын.

Аталған меморандумға сәйкес және сотталғандардың құқықтары сақталу туралы мониторинг жасау үшін 12 шілдеде ЕЦ-166/1 мекемесіне Нұр-Сұлтан қаласының “Біз азаптауларға қарсымыз” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Семеновамен аталған бірлестіктің мүшесі Б.Мусин келді.

Келушілерді мекеме бастығы А.Мухин және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысы жөніндегі топтың инспекторы С.Қалдыбаев күтіп алып, мекеме аумағында сүймелдеп жүрді.

Мекемені аралау кезінде қоғамдық білестіктің өкілдері, мекеменің №1 және №3 режимдік корпустарын аралап, оның ішінде корпус бойынша бақылаушының қызметтік кабинетінде орнатылған бейнебақылау жүйелері және мекемедегі ұсталушыларға арналған мекеменің кітапханасы көрсетілді. Тергеу қамауындағылар мен сотталғандарды ұстау жағдайларымен таныстырылды.

Сонымен бірге, қоғамдық бірлестік өкілдері тергеу-қамауға алынғандар мен сотталғандарды жеке сұраулары бойынша қабылдауды жүзеге асырды. Жеке қабылдауға 8 азамат қатысты, ұсталушылардың тарапынан мекеме әкімшілігіне қатысты еш арыз-шағым болған жоқ. Онымен қоса, №3 режимдік корпуста орналасқан 314 камерасында ұсталатын азаматшалармен жалпылама қабылдау өткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру