Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда алкогольді заңсыз сатқан кәсіпкер анықталды

Екібастұзда алкогольді заңсыз сатқан кәсіпкер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілдеде сағат 19.00 шамасында әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері рұқсат құжаттарынсыз алкоголь өнімін сату фактісін анықтады.

– Белгілі болғандай, 34 жастағы дүкен иесінің алкоголь өнімдерін сатуға лицензиясы болмаған. Құқық бұзушыға қатысты заң талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін Екібастұз мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Айта кету керек, Екібастұз қаласы ПБ учаскелік инспекторлары осы жылдың ағымдағы кезеңінде спирттік ішімдіктерді сату фактілері бойынша 22 бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру