Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында той ұйымдастырғандар анықталды

Ақтауда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында өткізілген тойдың бейнежазбасы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 21 ақпанда Ақтау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде "Той на парковке" деген тақырыппен жарияланған бейнежазбаны анықтады.

Тексеру барысында беташар тойдың 35-шағын ауданда орналасқан "Сабыр" тұрғын үй кешенінің тұрағында ұйымдастырылғаны белгілі болды.

Учаскелік инспекторлар тойдың барлық қатысушыларын анықтады. Жинақталған материалдар шара қабылдау үшін мүдделі органға жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру