Ақтауда тұрғындарға жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген алаяқ ұсталды
Ақтауда тұрғындарға жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласының Полиция басқармасына қаланың төрт тұрғынынан арыз келіп түсті, әйел адам оларға 70 000 теңгеге жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген. Алайда жоғарыда аталған куәлікті алмаған олар полицияға жүгінді. Күдікті жәбірленушілерден жалпы сомасы 280 000 теңге көлеміндегі ақшаны иемденген.
«Anti-Fraud» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті адамды ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда және оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, кінәліге қатысты түпкілікті шешім оның нәтижелері бойынша қабылданады.
– Жүргізуші куәлігін заңды түрде алудың жалғыз жолы-көлік жүргізу ережелері мен техникасын үйрену, содан кейін емтихан тапсыру. Алаяқтардың жалған құжаттармен ешқандай байланысы жоқ болуы мүмкін, олар тек әлеуетті сатып алушылардан «алдын-ала төлем» алады, содан кейін оларды бұғаттап, өзара диалогты тоқтатады. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, алаяқтардан сақ болыңыздар және олардың айла-амалдарына түсіп қалмаңыздар, – деп атап өтті аймақ полициясының басшысы Жанарбек Бақтыбаев.