Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қаланың жол инфрақұрылымының жақсарғанын хабарлады

Алматы полицейлерімен көше-жол торабына тұрақты түрде зерттеу жүргізілуде. Бұл ретте жолдардың жағдайына, қозғалысты реттеудің техникалық құралдарына, кәріздік қондырғылардың жай-күйіне, сондай-ақ, жолдарды қайта қалпына келтіру мен салу бойынша жұмыстар жүргізілетін орындарға ерекше назар аударылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Қазіргі уақытта жүйеге қосылған бағдаршамның 93 нысаны бар қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін жаңғырту, қайта құру және дамыту бойынша жұмыстар аяқталуда. Бұл жүйе нақты уақыт режимінде қиылыстардағы жүктемені оқуға және қоғамдық көліктер мен жедел қызмет көліктеріне қызмет көрсету басымдылығымен қозғалыс ағынын өзгертуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 30 бағдаршам нысанының, 70 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінің және 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін LED-жарықтандырумен жабдықтау құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге арналған жұмыстар жүргізілуде. Қазірдің өзінде адаптивті басқарылатын 14 бағдаршам нысаны салынды, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Жыл басынан бері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында қала жолдарына 1181 жол белгісі орнатылды, 752 жол белгісі қалпына келтірілді. 118 538 шаршы метр жолды белгілейтін сызықтар сызылды. Лауазымды тұлғаларға 53 әкімшілік хаттама жасалды, кемшіліктерді жою бойынша 851 нұсқама берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру