Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да дүкен аралап жүріп жоғалған 3 жасар баланы полицей анасына тапсырды

ШҚО-да дүкен аралап жүріп жоғалған 3 жасар баланы полицей анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 12 тамызында Алтай ауданы полиция бөлімінің “102” жедел арнасына қала тұрғыны хабарласып, кішкентай ұлының жоғалғанын хабарлаған. Баланың анасы 3 жасар ұлымен бірге азық-түлік дүкенінде сауда жасап тұрған сәтте, ғайып болғанын айтқан. Дүкеннің маңайын өзі тауып аламын деген үмітпен іздеген ана ұлын таппағандықтан, полицияға хабарлауға мәжбүр болған.

Кішкентай баланы іздестіру жұмысы ұйымдастырып, нәтижесінде Алтай аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Талғат Сагынганов үй аулаларының бірінен тауып алған.

Талғаттың айтуынша, үрейленген бала анасын іздеп, жылаған. Баланың денсаулығына еш қауіп төндірмейтініне көз жеткізгеннен кейін, бала анасына жеткізілді. Баласын құшағына басып, көзі жасқа толы ана полицейге алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру