Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда тұрғыннан есірткі заты мен револьвер табылды

Ақтауда тұрғыннан есірткі заты мен револьвер табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 тамызда Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласының жергілікті тұрғынын ұстады.

Тінту барысында ер адамнан гашиш есірткісі бар полимерлі пакет «марихуана» есірткі заты бар сіріңке қораптары табылып, тәркіленді. Сонымен қатар аталған тұлғадан «МЕ38 Compact» маркалы револьвер мен оның екі патроны тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді. Кінәліге қатысты кінәнің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

– 23-29 тамыз аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Осы уақыт ішінде облыс бойынша 76 қылмыс ашылды, – деп атап өтті өңір полициясының басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру