Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жас полицейлер Конституция күні қарсаңында ант қабылдады 

Петропавлда жас полицейлер Конституция күні қарсаңында ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдық полицейлердің қатары сегіз жас қызметкермен толықты.

Қызметтерін учаскелік полиция инспекторы лауазымынан бастағалы тұрған алты сержант пен екі офицер ант қабылдады. Бұл іс-шара алғашқы рет Петропавл қаласының ПБ Қазақстан полициясының 25 жылдығы аллеясында өтті. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалғаннан кейін жас полицейлер тәлімгерлері мен басшылары, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері алдында қызметтік міндеттерін адал атқаруға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ант етті. Салтанатты іс-шарадағы марапаттау рәсімі жас тәртіп сақшыларына шабыт бере түсті. Мінсіз қызметі үшін қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Руслан Қабдоловқа III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі табысталды.

– Сіздердің әрқайсысыларыңыздың өз ісінің нағыз шебері болуға және қазақстандық полицей атағын абыроймен алып жүруге мақсат қоятындарыңызға сенімдімін. Өмірлеріңізде маңызды қадам жасап, қоғамға қызмет етуге ант қабылдау сәтінің еліміздегі бас мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында өтіп жатқаны кездейсоқ емес, – деді жас қызметкерлерге арнаған тілегінде Петропавл қаласының ПБ бастығының орынбасары Сағындық Темиреев.

Сондай-ақ Петропавл қаласының ПБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Атымтай Аманжолов және оның орынбасары Күлбарам Бәкенова ант қабылдаушыларға мықты денсаулық, қызметтеріне табыс тіледі. Іс-шара салтанатты маршпен аяқталды, жас полицейлер қызмет орындарына тарасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру