Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда Жедел басқару орталығының бейнежазбалар қабырғасы жаңартылды

Ақтауда Жедел басқару орталығының бейнежазбалар қабырғасы жаңартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы кезде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Біріншіден, бұл полиция қызметкерлеріне жағдай жасаумен байланысты. Құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық жабдықталуы үнемі нығайтылып жатыр. Қазіргі таңда Ақтау қаласы ПБ Жедел басқару орталығында жұмысты жақсарту үшін бейнежазба камераларының қабырғасы жаңартылды,

ЖБО инспекторлары тәулік бойы жұмыс істейді, полицияның кешенді күштерінің жұмысын үйлестіреді, күндізгі және түнгі уақыттарда қылмыстар мен заң бұзушылықты анықтайды.

Қазіргі күні Маңғыстау облысында 900-ден астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Өткен жылғы есеп бойынша олардың көмегімен 200-ден астам қылмыс ашылып, 38 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

ЖБО қызметкерлері өз жұмыстарында полиция департаменті ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында орнатылға бейнебақылау камераларының мүмкіндіктеріг пайдаланады.

Жақын арада ЖЮО-ға нақты уақыт режимінде ақпараттың едәуір көлемін өңдеуге мүмкіндік беретін “Сергек” жүйесінің бейнебақылау камералары қосымша интеграцияланатын болады.

– Сонымен қатар «102» арнасында өтініштер жүйесі жаңартылды. Бүгін біз байланыс арналарының өзге де жүйелері бойынша қоңырауларды қабылдай аламыз. Мәселен, «Police 102″ мобильдік қосымшасы және “SOS» дабыл түймелері, – деп атап өтті Ақтау қаласы ПБ ЖБО бастығы Сеймур Гаджиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру