Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД-да учаскелік полицейлер марапатталды

Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен Қостанайдың Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Жақсылық Серменов пен Жандос Құсайын “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Халық үніне құлақ асатын мелекет” және “Қадамдық қолжетімділіктегі полиция” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полицейлер халықпен қажетті жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, бұл азаматтармен барлық жерде байланыс жасайтын және олардың мәселелерін шешуге тырысатын учаскелік полицейлердің қызметіне қатысты.

“Текстильный” учаскелік полиция пункті – Қостанай қаласының ең ірі әкімшілік учаскелерінің бірі. Мұнда участкелік инспекторлар таңнан кешке дейін жұмыс істейді.

– Тұрғындар бізге түрлі проблемалар мен сұрақтар, соның ішінде тұрмыстық сипаттағы мәселелерін жолдайды. Мысалы, Александр Крюков бізден көмек сұрап келді. Мәселе мынада, оның үйіне жоғарыдағы пәтерден су аққан және де көршісі оған дөрекі сөйлеген. Ол мұндай қарым-қатынасқа шыдай алмады. Тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық қатынастарды шешуге көмек көрсетілді, – деді Жандос Құсайын.

Александр Крюков тәртіп сақшыларына алғыс хат жолдады. Қызметкерлердің жұмысын осылай бағалаған жалғыз адам емес. Өткен жылдың қорытындысы бойынша “Текстильный” УПП учаскелік инспекторлары тұрғындардың ең көп оң пікірлеріне ие болып, Жандос Құсайын мен Жақсылық Сеоменов сынды азаматтардың қажырлы еңбегін атап өткен.

Өздеріне жауапкершілікпен тапсырылған учаскеде жұмыс істеген уақытында олар өздерін азаматтардың мәселелерін назардан тыс қалдырмайтын тәжірибелі қызметкерлер ретінде көрсетті.

Жақсылық Серменов полиция органдарыны 2008 жылы келіп, 2016 жылдан бастап учаскелік полиция қызметін атқарады. Ал серіктесі Жандос Құсайын полицияда 2017 жылдан бастап, ал 2021 жылдан бастап учаскелік қызметте.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру