Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері браконьерді ұстады

Браконьерлікпен айналысқан күдіктіні 19 қаңтарда Жетісу облысы Қаратал ауданындағы Балқаш көлі маңында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары күдіктінің УАЗ автокөлігінің салонынан заңсыз ауланған 200 келіге жуық балық және тыйым салынған дараталшық торларын тәркіледі.

– 46 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Келтірілген залал әзірге есептеліп жатыр. Тәркіленген балық кейіннен сату және түскен қаражатты мемлекет пайдасына аудару үшін қабылдау пунктіне тапсырылды, – деді Жетісу облысы ПД табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов. 

Тәркіленген балықтардың ішінде сазан, беріш, ақ балық және жайын балықтары бар. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру