Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтаулық полицейлер есірткі таратумен айналысқандарды құрықтады

Маңғыстау облысында полицейлер есірткі таратумен айналысқандарды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды. 

Ақтау – Құрық тас жолының бойындағы далалы аймақта полицейлер жеңіл көлікті тоқтатты. Көлікте автомобильді тізгіндеген жас жігіт пен анасы болды.

Жеке тінту кезінде анасынан да, жігіттен те ештеңе анықталмады. Бірақ көлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері ұнтақты зат салынған екі полиэтиленді пакетті, ақша мен бірнеше банк картасын тапты. Кейінірек сараптама пакеттерде 428 грамм психотроптық зат бар екенін көрсетті.

Жас жігіт полицейлерге есірткіні далалы аймақтағы жасырын жерден алғанын айтқан. Анасы бұдан хабарсыз болған. Күдікті анасын қала сыртына шығып, көлік айдауды үйренемін деп сендірген.

Келесі күні тәртіп сақшылары қалада есірткіні жасырын жерлерде қалдыратын күдіктіні ұстады. Ұсталған ер адам 21 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Оның айтуынша, ол Ақтауға ақша табу үшін келген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында.

Аталған фактілер бойынша тергеу жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың үш айында Маңғыстау облысында 157 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 29-ы қылмыс болып табылады. Осы уақыт ішінде тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан жеті келіге жуық синтетикалық есірткіні тәркіледі, 28 есірткі граффитиді жойып, 12 есірткі сайттарын бұғаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру