Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті 2019 жылды жақсы көрсеткішпен аяқтады
Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының
міндетін атқарушы Алмас Абжанұлы Шамишев департаменттің өткен жылғы қылмыстық жазаларды орындау туралы қорытынды есебінде айтты.
Алмас Шамишевтің мәлімдеуінше, өткен жылы департаментке қарасты мекемелерде 2500-ге жуық азамат жазасын өтеген. Мекемелерде еңбекке жарамды сотталғандардың 82,1 пайызы еңбекпен қамтылып, жазасын өтеушілер мекеме ішіндегі өндірістік орындарда, шаруашылық қызмет көрсетулер және басқа да жұмыстарда ақылы еңбек етіп келді. Мекемелерде жыл бойына 150-ден астам тәрбиелік және 100-ге жуық спорттық
шаралар өтті.
ҚАЖ департаментінің бастамасымен мекемелердегі 520 сотталған қаладағы
салалық дәрігерлерге тексерілді және қалалық емхана дәрігерлерімен бірге сотталғандар 2600-ге жуық профилактикалық тексерулерден өткізілді.
Пробация бағытында әріптестікте жұмыс жасайтын жергілікті атқарушы
органдармен сотталғандардың қоғамға бейімделіп, қылмыстарды қайталауына жол бермеу үшін 3700 әлеуметтік-құқықтық көмектер жүргізілді. Бұл орайда, жазасын өтеушілерге 2400-ге жуық психологиялық және 800-ге жуық медициналық көмек, 200-ге жуық заңгерлік кеңестер беріліп, 300 азамат жұмыспен қамтылды. 50-ге жуық жазасын өтеушілер мамандық курстарында оқып, 10-ға жуық жазасын өтеушінің құжаттары қайта жасалды.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментімен пробация есебінде тұрғандарға кәсіп ашып, жағдайын түзеу үшін айтарлықтай қолдау көрсетілді: жазасын өтеушілер 11 шағын кредиттер, 6 кепілдендірілген несиелер және 5 жер учаскелеріне қол жеткізді.
Жыл бойына мекемелерге есірткі заттары, ұялы байланыс құралдары және тыйым салынған заттарды әртүрлі жолмен кіргізгісі келген 15 дерек арнасы анықталып, оларға уақытында тосқауыл қойылды. Мекемелердегі жазасын өтеушілерге сырттан кіргізбек болған 30-ға жуық ұялы байланыс құралдары, 30 граммнан жоғары есірткі заттары (марихуана) және 10 мың теңгеден көп ақша, 21 тесу-кесу құралдары тәркіленіп, хаттамалар толтырылды.
Сотталғандарға және олардың ата-аналарына моральдық, психологиялық қолдау көрсету мақсатында мекемеде жоспарға сай «Ашық есік» күндері өткізілді. Аталған күндері сотталғандардың ата-аналарына, туысқандарына мекемені сотталғандармен, топ бастықтарымен кездесіп, әңгімелесуіне мүмкіндік жасалды.
2019 жылдың қорытындысымен, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты пробация қызметі тарапынан көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектерге 3,5 мың есепте тұрғандар қол жеткізді.
Ерекше бір тоқталып өтетіні, департаментке қарасты пробация қызметінің осындай жақсы жұмыстарының нәтижесінде, бас бостандығынан айыру емес жазаға тартылған пробация есебінде тұрғандардың 1 ғана пайызы қайта қылмысқа барды. Десек те, жоғарыда айтылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде жазасын өтеушілер мекемелер ішінде ешқандай қылмыстарға барған жоқ.
Өткен жылды жақсы нәтижемен аяқтаған Ақтөбе облысы бойынша
алдағы күндері де аталған жұмыстар өз жалғасын тауып, сотталғандарды қоғамға бейімдеуде айтарлықтай нәтижелі жұмыстар атқарылатынына сенімді.