Ақтөбе облыстық ҚАЖД мен университет арасында меморандумға қол қойылды
Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің №70 мекемесі мен Қазақ-Орыс халықаралық университеті өзара меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара барысында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына Қазақ-Орыс халықаралық университет колледжінің студенттерін оқуға шақыру жұмыстары жүргізілді, ал университет студенттерін мекемедегі бос орындарды толықтыру бойынша жұмыс барысы талқыланды.
Мамандардың айтуынша, еліміздегі студенттерге сапалы білім беру мен барлық сала бойынша білікті мамандарды даярлау үшін қауіпсіз жағдай жасау – басты мақсат.
– Қазақ-Орыс халықаралық университетін Қазақстанның ең үздік білім беру орындарының бірі деп айтуға болады. Кез келген студент еліміздің болашағы, олар халқымыздың өсіп-өркендеуінің кепілі болып саналады. Сондықтан бүгінгі ҚАЖД мен университет арасында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумды толығымен қолдаймыз, – деп атап өтті мамандар.
Университет ректоры оқытушылар мен студенттер атынан алғысын білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.
Шара соңында жиынға қатысқан арнайы қонақтар университет мұражайына барып, құрметті қонақтар кітабына естелік жазбасын қалдырды.