Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД мекемесі жанындағы мектепке материалдық қолдау көрсетілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №8 мекемесі жанындағы мектепке материалдық қолдау көрсетілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №8 мекемесі жанында орналасқан кешкі (ауысымдағы) жалпы білім беретін мектепке қалалық білім бөлімі тарапынан материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында қолдау көрсетілді.

Атап айтқанда, оқу үдерісін жақсарту мақсатында мектепке: 10 компьютер, 30 оқушы партасы, 60 оқушы орындығы, 1 дана оқушы тақтасы, 1 дана құжаттарға арналған шкаф, 1 дана шкаф-комод берілді.

Сонымен қатар мектептегі қабырға стендтері түгелдей жаңартылып, заманауи талаптарға сай безендірілді. Бұл өз кезегінде оқу ортасының көрнекілігін арттырып, білім алушылар үшін жағымды әрі ынталандырушы жағдай қалыптастырады.

Биылғы оқу жылында аталмыш мектепті 25 түлек сәтті аяқтап шықты. Бұл – білім беру жұмысының жүйелі жүргізілгенін және оқушылардың оқуға деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді.

Білім беру ұйымын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – оқу сапасын арттырып, түлектердің болашақ өмірге сенімді қадам басуына үлкен үлес қосары сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру