Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД-да Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Ақтөбе облысы Полиция департаментінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел қызметкерлерінің арасында тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер, жедел уәкілдер, ювеналды полиция тобының инспекторлары да бар.

Мереке қарсаңында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Салтанат Кушкалиева «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Ғалия Қарасаева I дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, II дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен 6 қызметкер марапатталды.

Уақытша ұстау изоляторының полиция қызметкері Самал Оразалиева ҚР ІІМ Құрмет грамотасы, Гаухар Тілеумағамбетоваға ҚР ІІМ грамотасы табысталды. 4 қызметкерге алғыс хаттар тапсырылды және 10 қызметкерге алғыс жарияланды.

Ішкі істер органдарының ардагер әйелдері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жұбайлары мен аналары да назардан тыс қалмады.

Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов әйел қызметкерлер мен ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Адамзаттың әдемі жаратылысының өкілдерікүн сайын қызметтік проблемалар мен күнделікті ауыртпалықтарды көтереді, әйелдер әрқашан мейірімділік пен нәзіктіктің, табиғи даналық пен сүйкімділіктің, жер бетіндегі ең жарқын және әдемі бейненің үлгісі болып қала береді. Біз, ер азаматтар, осы күні Сіздерге алғыс білдіреміз, – деп атап өтті Абай Жусупов.


Салтанатты жиналыс
тан мерекелік концертпен жалғасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру