Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД қызметкерлері қан тапсыру эстафетасын қабылдады

Ақтөбе облысы ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қан тапсыру эстафетасын қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 19 қараша күні «Есірткісіз болашақ» республикалық акция барысында ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қан орталығында төрт литрден астам қан тапсырды.

– Біз бұл эстафетаны Ақмола облысы тәртіп сақшыларынан қабылдадық. Эстафета мақсаты – медициналық көмекке, соның ішінде донорлық қанға мұқтаж адамдарға барынша көмек көрсетіп, өмірлерін сақтап қалу. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері азаматтарды донор болуға, қан тапсырып, адам өмірін құтқарып қалуға атсалысуға шақырамыз, – деді ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұрлан Таушанбаев.

Ақтөбе облысы ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қан тапсыру эстафетасын Алматы облысы ПД-не жолдайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру