Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаруды сақтау және тасымалдау тәртібін бұзған 30 атыраулық анықталды

Қаруды сақтау және тасымалдау тәртібін бұзған 30 атыраулық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды ашу және алдын алу мақсатында 14-25 қараша аралығында “Қару-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.Қалада, жеке қожалықтарда азаматтардан заңсыз айналымнан атыс қаруларын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды анықтау және алу жұмыстары жүргізілуде. Қару иелері тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, олардың қаруды пайдалану, ұстау және сақтау талаптарын орындауы қадағалануда. Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша заң талаптары мүлтіксіз орындалып, заң бұзушылардағы қарулар мен оқ-дәрілер тәркіленіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

– Шараның төрт күнінде заңсыз айналымнан бір қару мен 14 дана оқ-дәрісі тәркіленді. 1500 қару иесі тексеріліп, қару сақтау және тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 30 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қарулары тәркіленді, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру