Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 4 велосипед ұрлаған жасөспірім ұсталды

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері төрт велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 20 маусымда кешкі уақытта төрт сағат ішінде Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына жергілікті тұрғындардан төрт өтініш келіп түсті. Өтініште олар тәртіп сақшыларына үйлерінің кіреберістерінен велосипедтердің ұрланғаны туралы хабарлаған еді.

Аудан көшелерін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген жасөспірімдер тобын анықтады. Мән-жайларды анықтау барысында олардың біреуі жасалған ұрлықтарға қатысы бар екені белгілі болды.

Күдікті велосипедті жай мінгісі келгенін мойындады. Ер баланың айтуынша, бірінші велосипед сынған кезде, ол ойын-сауықты жалғастыру үшін екіншісін, содан кейін үшінші және төртінші велосипедті алуға шешім қабылдаған екен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру