Ақтөбе облысында 900-ден астам карантин режимін бұзу дерегі анықталды
Ақтөбе облысында 900-ден астам карантин режимін бұзу дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Карантин режимін сақтау бойынша мониторинг топтарымен тұрақты тексеру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні 953 құқықбұзушылық анықталды.
Ақтөбеде түрлі мерекелер мен салтанатты шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, ойын-сауық мекемесінің жұмыс істегені анықталды. Бұл факт Ақтөбе қаласы Астана ауданының полициясы мен прокуратурасының бірлескен рейді кезінде анықталды. Мекеме иесіне қатысты материал қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.
Полиция департаменті карантин режимі жағдайында азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрайды.