Ақтөбе облысында алаяққа сенген тұрғын 3,5 млн теңге шығынға батты
Ақтөбе облысында алаяққа сенген тұрғын 3,5 млн теңге шығынға батты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ырғыз ауданының 39 жастағы тұрғынына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырған. Қоңырау шалушы оның банктік шотын қорғауды ұсынған, өйткені алаяқтар оның атына төрт банктен несие алуға тырысқандығын хабарлаған. Мұндай операция стандартты деп сендірген. Одан соң ер адам оған SMS-хабарламадан келген кодты айтқан. Кодты алысымен алаяқ оның картасынан барлық қаражатын басқа банктік шотқа аударған. Жалпы шығын 3,5 млн теңгеден асқан.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, қоңырау шалушының жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
– Сізге банк қызметкерінен осындай қоңырау түскен болса, егжей-тегжейлерді нақтылау үшін телефонды қойып, банкке хабарласуды ұсынамыз. Банк қызметкерлері ешқашан банктік шоттар туралы деректерді немесе жеке деректерді растауды сұрамайтынын есте ұстаған жөн. Банктердің, олардың қауіпсіздік қызметтерінің, құқық қорғау органдарының және тағы басқа қызметкерлері ретінде таныстырған ешбір адамға, дербес деректерді, шоттардың деректемелерін, сіздің абоненттік нөміріңізге банктен түскен SMS-кодтарды мүлде хабарламаңыз. Осындай жағдайға тап болсаңыз, дереу банкке қоңырау шалып, шоттарыңызды бұғаттауыңыз керек, сонымен қатар жақын жердегі полиция бөліміне хабарласыңыз, – деп ескертеді Ақтөбе облысы бойынша ПД.