Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында атасы мен екі немересі жол апатына ұшырады

Ақтөбе облысында атасы мен екі немересі жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 шілде күні Темір ауданының тұрғыны ВАЗ-2114 автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында облыстық маңызы бар «Покровка-Жаңажол» автожолының 30 шақырымында автокөлікпен аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі мен оның 15 жастағы немересі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал 18 жастағы немересі Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру