Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД көші-қон қызметі жарты жылдың ішінде 63 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

СҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі жарты жылдың ішінде 63 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықпен онлайн режимінде диалог жүргізілді. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті көші-қон қызметінің полицейлері әлеуметтік желідегі ведомствоның ресми аккаунттарында өткізілген тікелей эфирге қатысты. Стриминг СҚО көші-қон қызметінің алты айдағы жұмысына арналды. Шетелге қонаққа шығу үшін қандай құжаттар қажет, СҚО-ға қандай елдердің шетелдіктер жиі келеді, көші-қон заңнамасының бұзушылықтарын ескерту бойынша қандай жүйелі жұмыс жүргізіледі – Instagram және Facebook қолданушылары түрлі сұрақтар қойды. СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы полиция майоры Самат Базылов және сол басқарманың инспекторы полиция капитаны Сәбит Жүсіпов сұрақтарға жауап берді.

Полицейлер жұмыстағы негізгі басымдықтардың бірі мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету екенін атап өтті. Жыл басынан 63 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген екен.

СҚО-дағы көші-қон ахуалы тұрақты. Облыс аумағында 5815 шетелдік және азаматтығы жоқ 255 адам тұрады. Жарты жылдың ішінде жұмысқа 1205 патент берілген, бұл өткен жылдан 44% көп. Ішкі көші-қонға бақылауды қамтамасыз ету кезінде тұрғылықты жері бойынша 19 мыңнан астам азамат тіркелген. Жеке куәлікті алуға 31 036 өтініш, төлқұжатқа 8072 өтініш ресімделген. Айта кететіні, бүгінгі таңда бұл ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 219 адам әкімшілік жауапқа тартылды, оның 24-і ел аумағынан шығарылды. Шетелдіктерді еңбекке заңсыз тартқаны үшін 32 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, алты айдың ішінде облыс аумағында шетелдіктерге қатысты 28 қылмыс жасалды, оның 16-сы шетелдіктердің тарапынан орын алған.

Самат Базылов көші-қон қызметіне қатысты сұрақтармен облыс тұрғындары мен қонақтары жұмыс күндері аумақтық бөліністерге немесе Петропавл қ. 8 (7152) 34-00-50, сондай-ақ сыртқы көші-қон бойынша 8 (7152) 34-00-23, азаматтық мәселелері бойынша 8 (7152) 34-00-35 телефондарына жүгіне алатындарын еске салды.Жарты сағаттық тікелей эфир соңында полицейлер шілденің 16 мен 17 аралығында “Жолда қабылдау” республикалық акциясының кезекті кезеңі өтетіні туралы хабарлады. Әкімшілік полиция, процессингтік орталық, патрульдік полицейлер, учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон қызметі – қалалық, аудандық полиция бөліністерінің барлық жетекші қызметтерінің полицейлері екі күн бойы жүгінгендерге кеңес беріп, Facebook және Instagram желілерінде онлайн режимінде қолданушылардың сұрақтарына жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру