Ақтөбе облысында балалардың жоғалу фактісі бойынша 410 өтініш тіркелген
Ақтөбе облысында жыл басынан бері балалардың жоғалу фактісі бойынша 410 өтініш тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz
Мұндай жағдайларда полицияның кешенді күштері, ювеналдық полиция инспекторлары, жедел қызметкерлер, патрульдер және тағы басқа іздеуге дереу кіріседі.
Бұл мәселеде еріктілер үлкен көмек көрсетеді. Тәуліктің кез келген уақытында олар өз істерін тастап, полицейлерге қосылады. Бақытымызға қарай, негізінен балалар тез табылады.
Балалардың жоғалуының негізгі себептері: 5 жастан 10 жасқа дейінгі балларға деген ата-аналардың немқұрайлығы, яғни аулаға серуендеуге шыққанда, ата-ана телефонға телміреді, ал баласы есіне түскенде ол жоқ немесе көрші аулаға басқа баламен кетіп қалған болады; 10-13 жас аралығындағы баланың ата-анасы үй шаруасымен айналысып жүрген сәтте жасөспірім далада ойнап жүріп, үйден алыстап кетеді; 13 пен 15 жас аралығындағы балалар мен ата-аналардың арасындағы жанжал; 16-дан 18-ге дейінгі жасөспірімдерде ата-аналар тарапынан бақылаудың аздығы жоғалуға себеп болады.