Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейдің қызы бразилиялық джиу-джитсудан Абу-Дабиде әлем чемпионы атанды

Алматылық патрульдік полиция қызметкерінің қызы бразилиялық джиу-джитсудан Абу-Дабиде әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәусар Тоқтамбай  – 9 жаста. Алматы қаласындағы №173 орта мектептің төртінші сыныбында оқиды.

Ол – патрульдік полиция Полкінің қызметкері Ғабит Байқұловтың қызы. Жап-жас болғанына қарамастан, қыз бала халықаралық аренада жоғары жетістіктерге жеткен кәсіби спортшы.

– Кәусар – отбасының тұңғышы, алты жасынан кәсіби спортпен шұғылданады. Рухы жағынан ол – нағыз күрескер, әділдікті жақсы көреді. Өзінен кішілерді ренжітпейді, өте жауапты. Кәусар әлем чемпионатына қатысу барысында жеңістің маңыздылығын түсінді және өз алдына мақсат қойды. Қызым үшін Қазақстанның атынан шығып, жеңіске жету құрмет болды. Ол біздің мақтанышымыз!, – деді Байқұлов.

Жас спортшы қыздың әкесінің айтуынша, тығыз жаттығу кестесі оның жақсы оқуына, жүзу мен гимнастикамен қатар айналысуына кедергі келтірмейді.

– Кәусар осы құлшыныспен, табандылықпен спортпен шұғылдана берсе, оның болашағы жарқын. Мен бұған сенімдімін, – деді джиу-джитсудан қара белбеу, грэпплингтен Азия чемпионы, бапкер Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру