Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында бір тәулікте 4 адам суға батып кетті

Ақтөбе облысында бір тәулікте 4 адам суға батып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

19 шілдеде 102 телефонына Өрлеу ауылының тұрғындары 15 және 18 жастағы ағайынды балалардың Елек өзеніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Сол күні Жағалау көшесі маңындағы Елек өзенінде 20 және 19 жастағы екі жас жігіт те суға батып кеткен. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін Полиция департаменті судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

– Судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ғана жазатайым оқиғалардың алдын алады. Жаз мезгілі сізге қуаныш әкелсін! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, – дейді Ақтөбе облысының полицейлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру