Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде екі жігіт арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды

Өскеменде екі жігіт арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айының соңында Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ “102” жедел каналына Малая объездная көшесінде екі жігіттің арасында төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Полицейлер қақтығыс салдарынан облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны алдыңғы іш қабырғасын шаншып-кесу жарақатын алғанын анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары күдіктіні ұстады, ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Қылмысты 33 жастағы жергілікті тұрғын жасағаны анықталды.
Куәландыру нәтижелеріне сәйкес, ұсталған азамат орташа дәрежеде мас күйінде болған.

Қаскүнемге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру