Ақтөбе облысында деструктивті діни ағымның жақтаушысынан есірткі тәркіленді
Ақтөбе облысында деструктивті діни ағымның жақтаушысынан есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 желтоқсанда есірткі заттарын өткізу кезінде Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мұғалжар ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде әртүрлі жерлерде жасырылған өсімдік заты бар 4 қағаз жинақ табылды және тәркіленді.
Сараптама қорытындысы бойынша алынған зат салмағы шамамен 7 грамм кептірілген марихуана екені анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам – деструктивті діни ағымдардың жақтаушысы.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау үшін мүлкі тәркіленіп және онсыз 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.