Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жеңгетайлықтың 2 дерегі мен 26 жеңіл жүрісті қыз анықталды

Түркістан облысында жеңгетайлықтың 2 дерегі мен 26 жеңіл жүрісті қыз анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласының аумағында жезөкшелікпен айналысу үшін жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың екі дерегін анықтап, жолын кесті. Жедел уәкілдер іздестіру іс-шаралары кезінде интимдік қызметтерді ұсынғаны үшін ақша алған сауна, хостел әкімшілерін ұстады.

Тергеу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның 5 азаматынан құралған екі қылмыстық топ, яғни жеңіл жүрісті қыздарды жинап, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны анықталды. Полиция қызметкерлері сауна мен хостелді қарау кезінде ақшалай сыйақы үшін өздерінің интимдік қызметтерін ұсынған Өзбекстан азаматтары, яғни 26 жеңіл жүріс қызды анықтап, жеткізді. 

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Қолма-қол ақша және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру