Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысқа орналаспақ болған Шымкент тұрғыны алаяққа тап болды

Жұмысқа орналаспақ болған Шымкент тұрғыны алаяққа тап болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, бір жылдан бергі танысы халыққа қызмет көрсету орталығына жұмысқа кіргізіп беремін деп алдын ала 1,2 млн теңгесін алып, тоғыз ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай алдап жүрген.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде жергілікті жердің 35 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілді. Қазіргі кезде ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру