Ақтөбе облысында ер адам интернет-алаяққа үш млн теңгесін беріп қойды
Ақтөбе облысында ер адам интернет-алаяққа үш млн теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айында ер адам ғаламтордан крипто волютаға инвестиция салу арқылы тиімді табыс туралы хабарландыруды көріп, көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалған. Телефонның ар жағындағы адам сөйлескен уақытта оған алғашқы жарнаны салу қажеттігін айтады. Әрі қарай олар үнемі хабарласып тұрған, акцияны қалай сатып алу керектігін түсіндіріп, әңгіме Skype мессенджері арқылы жүзеге асырылды.
Ер адам еш күдіктенбестен барлық әрекеттерді бейтаныс адамның айтуы бойынша істеп, нәтижесінде алаяқтар әр түрлі сылтаулармен жәбірленушіні қаражат аударуға мәжбүр еткен, банктік карталарының фотосуреттерін жіберуді сұраған, жақында салған инвестициядан айтылған кірісті аласың деп уәде берген. Ер адам алаяқтардың құрбаны болғанын үш млн теңгеден астам қаржысынан айырылған кезде ғана түсінген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті адамды анықтау және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерді қырағы болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады