Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік тәртіп сақшылар үздік жас жол инспекторларын анықтады

Өскемендік тәртіп сақшылар үздік жас жол инспекторларын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 мамырда ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы ШҚО Білім басқармасымен бірлесіп, Өскемен қаласының Сол жағалау кешенінде Қазақстандағы балалар жылына арналған балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған жарыс өткізді. Іс-шараның мақсаты – балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты жетілдіру, оқушылардың жол қозғалысы ережелері бойынша білім сапасын арттыру, жолда балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін насихаттау бойынша ЖЖИ отрядтарының озық тәжірибесін жинақтау.

Жарысқа 12-15 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан құралған сегіз команда қатысты. Біріншілікте Өскемен қаласының мектеп оқушылары бақ сынады. Жарыс бағдарламасында бес кезең болды. Бірінші кезең – “Жол қозғалысы ережелерін білушілер”. Мұнда  командалар жол қозғалысы ережелеріне қатысты тест сұрақтарына жауап берді. Екінші кезеңде барлық командалар кезек-кезек квестке келіп, қиылыстың ортасына орналасып, онда олардың бірі реттеуші рөлін атқарды, содан кейін реттеушінің қызметін қалғандарына көрсетіп, жолды кімге кесіп өтуге болатынын және кімге күту керектігін көрсетті.

Содан кейін “Жас санитар” байқауы өтті. Бұл кезеңде мектеп оқушылары дәрігерлердің сұрақтарына жауап беріп, алғашқы медициналық көмек көрсету туралы білімдерін көрсетті. Келесі “аялдамалар” командалардың визит карточкасы және қабырға газеттері конкурсы болды.

Бірінші қатысушылар өз командасын, мектебін және ұранын әділ-қазыларға таныстырды. Ал екінші жағдайда қатысушылар “Қауіпсіз жаз” тақырыбына қабырға газетін ұсынды. Барлық кезеңдер бойынша қазылар алқасы бес балдық шкала бойынша бағалады.

Сонымен жарыс барысында бірінші орынды “А. Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі” КММ “Жоламан” командасы иеленді. Екінші орынды “А. Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі” КММ “Ақжол” командасы қанжығаға байласа, үшінші орынды “№ 37 жалпы орта білім беретін мектеп” КММ “Жол патрульі” командасы иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерге кубоктар мен грамоталар табыс етілді. Сондай-ақ, “Үздік жас санитар”, “Жол қозғалысы ережелерін үздік білуші”, “Үздік жас реттеуші”, “Үздік қабырға газеті”, “Команданың үздік визит карточкасы” номинациялары бойынша дипломдар табыс етілді. Қалған қатысушы оқушыларға сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру