Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

8 млн теңгенің жылқыларын ұрлап кеткен семейлік қолға түсті

Сегіз млн теңгенің жылқыларын ұрлап кеткен семейлік қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстанда полициядан жасырыну әрекеті кезекті қылмыскер үшін сәтсіз аяқталды.

16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Семей қаласы ПБ КПБ-мен бірлесіп, мал ұрлығы үшін екі жыл бойы жауапкершіліктен жалтарған 58 жастағы Семей тұрғынын ұстады.

– Қаскөй 2019 жылдың қараша айында Семей қаласының маңынан 42 жастағы шаруа қожалығының иесіне тиесілі 29 бас жылқыны ұрлап, жәбірленушіге 8,1 млн теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды, – деп пайымдайды Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиев.

Тәртіп сақшылары қабылдаған шаралардың нәтижесінде, іздестірілуші ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру