Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында есірткі пайдаланған жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Ақтөбе облысында есірткі пайдаланған жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қаңтарда Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының полиция қызметкерлері Бадамша ауылы Пацаев көшесінде Нива автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікті тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын есірткілік мас күйде басқарғаны анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйіндегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды-алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйіндегі адамға беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қарғалы аудандық сотының қаулысы бойынша жүргізуші жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру