Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 37 жылқыны тасымалдаған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Ақмола полицейлері 37 жылқыны тасымалдаған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алыс жол жүргізушісі жануарларды Солтүстік Қазақстан облысынан Шымкент қаласына тасымалдады. Алайда жолда ауыр жүк көлігінің жанармай жүйесі қатып қалған. Айта кету керек, ауа райы температурасы -32 градусқа дейін төмендеген. Жүргізуші мен жолаушыға Астана – Петропавл автожолының 98-шақырымында істен шыққан фураны байқаған патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көмекке келді.

10 қаңтар күні тоңып қалған ер адамдарды полиция қызметкерлері Ақкөл қаласының қонақ үйіне түнеуге апарды. Қолайсыз ауа райының тұтқынына айналған жылқылар үшін жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен шөп әкелінді. 11 қаңтарда ТЖД қызметкерлерімен бірге “Бақай 8П2” автопатрулінің экипажы Шортанды ауданындағы алыс жол көлігін жылы орынға әкелді. Бірлескен күш-жігердің арқасында адамдар мен жануарлар зардап шеккен жоқ.

Scania автокөліктің жүргізушісі полиция қызметкерлері Илюбаев Азаматқа, Қайыржан Данияровқа, Әділет Абдукаировке және ТЖД қызметкерлеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне оны трассада қиын жағдайда қалдырмағаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру