Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында көлік жүргізу құқығы жоқ мас әйел күйеуінің көлігін басқарды

Ақтөбе облысында көлік жүргізу құқығы жоқ мас әйел күйеуінің көлігін басқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу профилактикалық іс-шарасы аясында Қобда ауданының ПБ қызметкерлері түнгі уақытта Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірлік белгілері бар ВАЗ-2115 автокөлігіне назар аударды. Ол жолда қатарлылықты сақтамай, күдікті қозғалыспен келе жатты. Аталған автокөлік жұргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талаптарына жауап бермеді. Ізіне түскеннен және тоқтату туралы бірнеше рет талап еткеннен кейін, жеке үйдің жанына тұрақтады.

Тексеру барысында Қобда ауылының тұрғыны азамат Н. көлік құралын басқару құқығынан айырылған «орташа дәрежеде» мас күйінде бола отырып, көлік құралын мүлдем басқару құқығы жоқ мас күйдегі жұбайына автокөлікті жүргізуге сеніп тапсырғаны анықталады.

Медициналық куәландыруға жіберілген кезде аталған ерлі-зайыптылар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады. Соның салдарынан үш әкімшілік хаттама толтырылды: 608-бап 8-бөлім (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) масаң күйде көлік құралын басқаруы) бойынша бір хаттама және 667-бап 1-бөлім (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау) бойынша екі хаттама.

Қобда аудандық сотының қаулысымен азамат Н. төрт тәулікке қамауға алынды, ал азаматша Л. жұбайына қатысты оның тәрбиесіне кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін ескере отырып, 408 380 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру